• Біздің парақшалар:

#Ып-Ыстық: Порноға түсіп көрген атақты актерлер #2

ЕСКЕРТУ: КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРҒА ОҚУ ҰСЫНЫЛМАЙДЫ (+18)

Өткенде өмірінде порноға түсіп көрген Голливудтың атақты актерлері туралы айтып жатыр едік қой. Сол әңгімемізді жалғастырайық.

Бұл актерді көбіміз "Икс файлдар" сериалындағы агент Малдер рөлі арқылы білеміз. Кейбір әріптестеріне қарағанда, Дэвид Духовны порноға түскенін жасырмайды. Мысалы, карьерасының бастапқы кезеңдерінде "Залман Кингтің қызыл кебіс күнделігі" ("Zalman King's Red Shoe Diaries") сериалына түсті. Бұл телешоу жеңіл порно санатына жатқызылып жүр. Бұдан бөлек актерді эротика элементтері бар "Зинақор Калифорния" ("Californication") сериалы арқылы да білеміз.

Дэвид Духовны кезінде гиперсексуалдықпен ауыратынын жария еткен еді, яғни жыныстық белсенділігі жоғары. Секске тәуелділігі мүмкін осындай жобаларға қатысудан пайда болған шығар, кім білген?!  

Айтпақшы, "Залман Кингтің қызыл кебіс күнделігі" сериалынан "Достар" ситкомының жұлдызы Мэтт Лебланды (Джоуи Триббиани) да көре аламыз. Оңбаған десе!

Кино әлеміндегі ең танымал қытайлардың бірі - Джеки Чан да үлкен киноға "төсек арқылы" келді деседі. Езуінен күлкі кетпейтін, айналасына мейірім шуағын шашып жүретін кунг-фу шеберінен бұндайды кім күткен? Бұндай қадамға актерді материалдық мұқтаждық итермелегені анық, оны өзі де жасырмайды. Қызыққұмар көрермендер оның қатысуымен түсірілген сериалды да тауып алыпты - телешоу "All in The Family" деп аталады. Порно-комедия деп бағаланған өнім 1970 жылдары түсірілген.

Камерон Диаз өткен шағының ересектер киносымен байланысты кезеңін еске алуды ұнатпайды. Жастық шақтың қателігі деп санайтын ол желіге шығып кеткен сондай видеоларын жойып отырудан жалықпайды екен. Бірақ Интернетте шек жоқ, іздеген адам әлі де оның ашық видеоларын кездестіріп қалады деседі. 

Кэмерон 19 жасында әлемдік жұлдызға айналамын деп ойламаса керек, сондықтан садо-мазо мен лесби стиліндегі фильмдерге түскен дейді көзі қарақты ағайын.

Соңы.

Пікірлер