• Біздің парақшалар:

2015/2016 жылғы қыстың жаңа сериалдары (ІІ бөлім)

Жалғасы...

Сериалдар әлемінде қыс мезгілі маусымаралық үзіліс кезеңі деп қарастырылады. Алайда көруге тұрарлық премьералар қашан да табылады. Назарларыңызға 2015/2016 жылдың қысында жарық көретін маңызды деген премьераларды ұсынамыз.

Әдеттегіше шолуымызға тек жаңадан басталған сериалдар кіреді, бір немесе бірнеше маусымы осыған дейін көрсетіліп қойылған телешоулар айтылмайды. 

Колония (Colony) 

Өзге ғаламшардан келген келімсектердің Жерді жаулап алуы туралы кезекті тележоба. USA Network ұсынатын сериалда жақын болашақтағы планетамыздың тағдыры суреттеледі. Федералдық тергеу бюросының бұрынғы агенті мен әйелі ұлдарын қайтарып алуды мақсат етеді. Сериалда басты рөлдерді Джош Холлоуэй мен Сара Уэйн Кэллис секілді телевидение жұлдыздары сомдайды. Айтпақшы. «Колония» авторы Карлтон Кьюз бен актер Джош Холлоуэй осыған дейін «Жоғалғандар» сериалының шеңберінде бірге жұмыс істеген еді. 

Телешоу 2016 жылы 14 қаңтардан бастап көрсетіледі.

Трейлер:


Миллиардтар (Billions) 

Уолл-Стрит қаржыгері мен федералдық прокурор арасындағы қырғиқабақ сөз болады. Прокурор қаржыгердің түрлі айла-әрекеттерге барып жүргенін ашқысы келеді, бірақ істің ақ-қарасын ашу оңай емес. Негізгі рөлдерде - Дэмиэн Льюис пен Пол Джаматти. 

Сериал Showtime эфиріне 2016 жылғы 17 қаңтардан бастап шығады.

Трейлер:


Энджи Трайбека (Angie Tribeca) 

Лос-Анджелес полициясының қызметкерлері туралы көпсериялы комедия. Сериал басты кейіпкер, офицер Энджи Трайбеканың (Рашида Джонс) атымен аталады. Жобаға Стив Кареллдің өзі жұбайы Нэнси Кареллмен бірлесіп жетекшілік етеді. Сериал барысында Билл Мюррей, Лиза Кудроу, Джеймс Франко секілді арнайы шақырылған жұлдыздарды да көру мүмкіндігі туады деп айтылуда. 

TBS арнасы ұсынатын тележобаны 2016 жылы 17 қаңтардан бастап көруге болады.

Трейлер:

 

Баскетс (Baskets) 

Жаңа комедия сериалға бәрінің сүйікті актері Зак Галифианакис шақыртылыпты. Өзі әрі сценарий авторларының бірі. Сюжетте офистағы жұмысын клоундыққа алмастырғысы келген кейіпкер туралы айтылады. 

FX тележелісінің жобасы 2016 жылы 21 қаңтардан бастап жарық көреді.

Трейлер:


Жалғасы бар...

Бірінші бөлім: 2015/2016 жылғы қыстың жаңа сериалдары (І бөлім)

 

Материалымызды жазуға okino.ua сайтындағы мақала арқау болды

Пікірлер